Заңсыз жекешелендірілген нысандар мемлекет меншігіне қайтарылады

Қазақстанда заңсыз жекешелендірілген нысандарды мемлекет меншігіне қайтару жоспарлануда.

24 наурызда Қазақстан экономикасын монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті.

Үкімет басшысының сайтының хабарлауынша, ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев және басқалар баяндама жасады.

Алғашқы отырыстың қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов Қаржы министрлігіне уәкілетті мемлекеттік органдармен және «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп, бір апта ішінде Үкіметке негізсіз жекешелендірілген нысандарды мемлекет меншігіне беру тетіктері бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды, — делінген хабарламада.

Айта кету керек, ҚР Үкіметі жанындағы экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылды.

Комиссияның міндеті – монополиясыздандыру бойынша ұсынымдар әзірлеу. Атап айтқанда, комиссия жұмысы шеңберінде телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы, медиа активтер және басқа салалардағы негізсіз жекешелендірілген нысандарды мемлекет меншігіне беру мәселелері қаралатын болады.

Добавить комментарий