Заңсыз митингілерге қатысқан шетелдіктер 40 жылға Ресейге кіре алмайды

Ашық дереккөздерден белгілі болғандай, Мәскеуде заңсыз наразылық шараларына қатысқан шетелдік азаматтарға Ресейге кіру 40 жылға тыйым салынды.

«Мәскеу аумағында рұқсат етілмеген акциялар мен наразылық шарасына қатысқан 122 шетел азаматына қатысты 40 жылға келуге рұқсат бермеу туралы шешім қабылданды», — деді Ресей ІІМ көші-қон мәселелері жөніндегі басқармасының бастығы Дмитрий Сергиенко.

Ол шетел азаматтарына қатысты тиісті шешім «Келу, кету тәртібі туралы» 114 Федералдық заңның 27-бабы 1-бөлігінің 1-тармағы негізінде қабылданғанын нақтылады.

21 сәуір күні Ресейде рұқсат етілмеген наразылық акциялары өтті. ІІМ мәліметінше, Ресейдің 29 қаласындағы наразылық шарасына қатысқандардың саны 14,4 мың адамға жетті.

Ведомство азаматтарды келісілмеген акцияларға қатысудан бас тартуға шақырды.

Добавить комментарий