Сарыағаш полиция бөліміне әйел күйеуі жасаған зорлау туралы арызбен жүгінген. Күдіктінің қысымымен ол алдымен өз айғақтарынан бас тартты.
Түркістан облысында күдікті ер адам өз қызы мен әйеліне зорлық көрсеткені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
Облыс ДП ақпараты бойынша, өткен жылдың қазан айында жергілікті тұрғын арыз жазған.
Оның айтуынша, 2019 жылдың қыркүйек айында күйеуі өз қызын зорлаған. Сосын әйелін күштеп зорлады.
Полиция бұл фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 121 бабы, яғни «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
«Жасалған қылмыстың ауырлығын ескере отырып, қылмыстық істі біз өз бақылауымызға алдық. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті қылмыс жасады деп танылып, қамауға алынды. Алайда, келесі күні оның әйелі және кәмелетке толмаған қыздың заңды өкілі өз арыздарынан бас тартты.
Ол күйеуінің жиі араққа салынуына байланысты оны осылайша жазалауды ұйғарғанын айтты. Анасының пікірін қызы да қосылды. Әрине, тергеу кезінде біз өңіріміздің менталитетіне, туыстарының ықпалын ескердік және осыған қарамастан, біз сотқа дейінгі тергеуді жалғастырдық. Бізге дәлелдер жинауға, күндіз-түні жұмыс істеп, сараптама тағайындауға, кәсіби мамандарды тартуға тура келді. Зорлық-зомбылық осы отбасында орын алғанын дәлелдеуге тырыстық. Бұған бірнеше айлар қажет болды «, — деді Түркістан облыстық ЖП АУ бастығы полиция полковнигі Нұрмахан Жалғасов.
Түркістан облысы бойынша Әділет министрлігінің сот-медициналық сараптама институтының мамандары әйелге және кәмелетке толмаған қызға зорлық-зомбылық жасау фактісін растады. Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер кәсіби көмекке жүгінген республиканың үздік психологтарының бірі анасының күйзеліске ұшырағандығы туралы қорытынды жасады. Қыз ересектердің ықпалында болған. Қазіргі жағдайдың өзі қыз баланың психологиясына өте теріс әсер етеді.
Осыған байланысты маман соттың алғашқы айғақтарына сүйене отырып, жасөспірімнің қатысуынсыз өтуін ұсынды. Бұл жағдайда балалардың әкесі мен әрі анасының күйеуі 15 жылға бас бостандығынан айырылды, — деп түйіндеді Жалғасов.