Қызылордалық әйелін ұрып өлтірді

Қызылордада мас ер адам әйелін ұрып өлтірді.

Оқиғаның егжей-тегжейін тәртіп сақшылары хабарлады. Атап айтқанда, 3 тамыз күні түнгі уақытта 27 жастағы азаматшаны заңды некедегі жолдасы мас күйінде белгісіз себеппен ұрып-соққан. Салдарынан алған ауыр дене жарақатынан азаматша қайтыс болды.​Оқиға орнынан бой тасалап кеткен 29 жастағы Қызылорда қаласы тұрғынын ұстау мақсатында жедел тергеу тобы құрылып, іздестіру барысында досының үйінде жасырынып жатқан жерінен ұсталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі “Адам өлтiру” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Добавить комментарий