Қызылорда: Шолу дөңгелегінің кабинасы құлап кетті

Қызылорда облысында саябақта жаңа іске қосылған аттракцион кабинасы құлап түсті.

Абырой болғанда, сол сәтте аттракционда ешкім болмаған. Әкімдік бұл оқиғаның техникалық тексеру кезінде болғанын хабарлады.

«Сәтін салғанда салбыраған кабинада адам болмады, әйтпесе, мұның соңы немен тынарын елестету қиын. Тура осы ақау алдында қызым отырып түскен болатын», — деді жергілікті тұрғын.

Жаңақорған ауданының әкімдігі ешкім зардап шекпегенін растады. Олар оқиғаның техникалық тексеру кезінде орын алғанын мәлімдеді. Техникалық тексеру неге осындай уақытта жүргізілгені және кабина құлар алдында шолу дөңгелегінде баланы не үшін отырғызғаны айтылмады.

«Қазір күннің суықтығына байланысты атракционның жұмысы тоқтады», — деп хабарлады аудан әкімдігі.

Демалыс саябағы демеушінің қаражатына салынған.

«Демалыс саябағына бюджеттен қаражат бөлінбегенін ресми түрде мәлімдейміз», — деп атап өтті әкімдіктегілер.

Добавить комментарий