Қызылорда облысы: 600 мал басы қырылды

Қызылорда облысы Арал ауданында мал жаппай қырылып жатыр. Төтенше жағдай режимі енгізілгені хабарланды.

Су аз болып және жем-шөптің жетіспеушілігіне байланысты 600 бас ірі қара қырылды, деп хабарлайды жергілікті билік өкілдері.

Мамандардың есебі бойынша, мәселені шешу үшін шамамен 200 мың тонна мал азығы керек. Жергілікті билік басқа оны өңірлерден жеткізу үшін жанар-жағармай шығынын өз мойнына алуға уәде берді. Сонымен қатар, құңғымалар қайта қалпына келтіріліп, су арналары тазартылатыны айтылды.

Өңір билігі үкіметке республикалық бюджеттен қаражат бөлу туралы хат жолдады. Сонымен қатар, синоптиктер Қазақстанның барлық аумағы бойынша ауа райы жауын-шашынды болады деп болжап отыр.

Добавить комментарий