Қызылорда: Экстремистік қозғалыстың жақтаушысы ұсталды

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері еліміздің аумағында сотпен тыйым салынған экстремистік ұйымның жақтаушысын ұстады. Оның ұйымның қызметін ұйымдастырып, насихаттағаны хабарланды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, «Таблиғи жамағат» діни экстремистік ұйымның жақтаушысы, 48 жастағы облыс тұрғынына қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

«Д.» есімді азамат сот тыйым салған діни экстремистік ұйымның шарттары мен дәстүрлерін ұстанып, оның қызметін ұйымдастырды, діни араздықты қоздыратын және діни экстремистік деп танылған ақпаратты насихаттап, тығыз діни байланыстарды іздестірді», — деп хабарлады Қызылорда облысының ПД баспасөз қызметі.

Фото: ҚР-да тыйым салынған экстремистік діни қозғалыстың белсенді мүшесі ұсталды.

Сонымен қатар, діни экстремистік ұйымның қала аумағында жиналыстар ұйымдастырып, құпия уағыздар жүргізгені анықталды.

«Арнайы іс-шаралар материалдарын талдау барысында «Д.» есімді азаматтың әрекетінен қылмыстық құқық бұзушылық белгілері табылып, оған қатысты ҚР ҚК 405-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қызылорда қалалық сотының 20 қыркүйектегі үкімімен «Д» есімді азамат кінәлі деп танылып, үш жыл алты ай мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жауапкершілікке тартылды және пробациялық бақылауға алынды», — деп хабарлады Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі.

Добавить комментарий