Қызылордада екі тәулік бұрын бала жоғалып кетті. Алты жасар бүлдіршінді іздеу жұмыстары бір сәтке де тоқтатылмады.
Қабылданып жатқан іс-шаралар туралы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«27 сәуір кешкі сағат 19:35 шамасында Қызылорда қаласы Титов қыстағында кәмелетке толмаған 2015 жылы туған Бахыт Альтаирдың жоғалғандығы туралы арыз түсті. Ата-анасының айтуынша, алты жастағы бала 27 сәуір сағат 10:00 шамасында үйінен ойнауға шығып кетіп, қайта оралмаған. Баланың ата-анасы полицияға тоғыз сағаттан кейін ғана хабар берген. Іздестіру жұмыстарына Қызылорда облысы Полиция департаментінің, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы, Төтенше жағдайлар департаменті, ұлттық ұлан сарбаздары, еріктілер және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды», — делінген сәрсенбіде хабарламада.
Аталып өткендей, баланың фотосуреті барлық полиция бөлімшелеріне жіберілді.
«Полиция қызметкерлерінің күшімен қаланың көпқабатты шатырлары, өжірелер, ауладағы люктары, саяжайлардағы тастанды үйлер, құрылысы бітпеген ғимараттар, жертөлелер, қалың жоталар, бейіттер, Сырдария өзенінің жағалауы тексерілуде. Сонымен қатар, баланың фотосуреті көрсетіліп, сұрастыру жұмыстары жүргізілуде. Іздеу жұмыстары Полиция департаменті бастығының қатаң бақылауында. Жоғалған жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда Қызылорда облысы Полиция департаментіне, Қызылорда қалалық Полиция басқармасына шұғыл түрде хабарласуларыңызды сұраймыз. Байланыс нөмірлері: 8(7242) 29-70-10, 29-75-20, 29-75-07 және 102 арнасы.