Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті үш жыл бұрын жасаған ерлігі үшін «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығымен марапатталды. Сол кезде ол Абай атындағы № 10 дарынды балаларға арналған гимназияда оқушы болған.
Ержан Оспанов қылмысты ашуға көмектесті.
«Мен әдеттегідей мектепке бара жатқанмын, кенет көмек сұрап айқайлаған қызды естідім, – деп еске алды жігіт. Қарасам, бір еркектің қызды ұстап әкетіп бара жатыр екен. Сол сәтте алдынан шыға келіп секірдім де, алдын бөгеп тастадым. Қыз сытылып шығып, қашып кетті».
Қызды өткізіп жіберіп, Ержан айқайлай жөнелген. Ер адам қорқып, қашып кетеді. Батыл жігіт полицейлерге білгенін айтып, қаскөйді ұстауға көмектесті.
Ержан Оспанов «Әлеуметтік маңызы бар және қоғамдық қызмет» номинациясы бойынша сыйлықтың лауреаты атанды.
Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов жігітті «Тәуелсіздік ұланы» төсбелгісімен және 145 850 теңге болатын ақшалай сертификатпен марапаттады.
Естеріңізге сала кетейік, М. Қатаев атындағы Оқушылар сарайында Павлодар облысының үздік ұстаздары мен дарынды оқушыларды марапаттау рәсімі өтті.
«Павлодар облысының білім беру жүйесін дамытуға үлес қосқаны үшін» төсбелгісімен және облыс әкімінің қолынан 2,9 миллион теңге мөлшеріндегі сыйақы он педагогке табысталды.