Қытаймен шекарадағы «Нұр жол» бақылау-өткізу пункті уақытша жабылады

Қытай Халық Республикасымен шекарадағы «Нұр Жол» бақылау-өткізу пункті 8 наурызда жұмыс істемейді, деп хабарлайды Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

«Шектеулер Қазақстан Республикасында Халықаралық әйелдер күнінің тойлануымен байланысты», — деп хабарлады Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, мереке күні азаматтар, көлік құралдарын, жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды.

Ведомство тасымалдаушылар мен шекарадан өтуді ойлаған барлық азаматтарға уақытша енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағдарларын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Добавить комментарий