Қытаймен шекарадағы автомобильді өткізу пункттері үш күн жұмыс істемейді

Қазақстандықтарға ҚХР-мен шекарадағы автомобильді өткізу пункттері үш күн жұмыс істемейтіні хабарланды.

2022 жылғы 1 қазаннан бастап 3 қазанға дейін қазақ-қытай шекарасындағы автомобильді өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктердің өтуі жүзеге асырылмайды, деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штатты режимде жұмысын жалғастырады.

Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — делінген хабарламада.

Қытай Халық Республикасының құрылған күні 1 қазанда аталып өтеді, бұл елдегі басты мемлекеттік мереке.

Добавить комментарий