ЕАЭО аумағында қытайлық алюминий ыдысына бес жыл мерзімге демпингке қарсы баж салығы енгізіледі.
Оның көлемі 21,89%-ды құрайды. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия хабарлады.
«ЕЭК алқасы 24 тамызда Қытай Халық Республикасынан алюминий ыдыстарына қатысты демпингке қарсы шара енгізу туралы шешім қабылдады. Баж салығының мөлшері 21,89% құрайды, оның қолданылу мерзімі — 5 жыл», — делінген сейсенбі күні таратылған хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, әңгіме, атап айтқанда, кастрюль, табал, құймақ жасайтын ыдыс, қазандар туралы болып отыр.
Бұл шешімге алюминий өндірушілер, жеткізушілер және тұтынушылар бірлестігінің өтініші негіз болды: «Алюминий Металлург Рус» АҚ, «Нева металл ыдыс» АҚ, «Сково» ЖШС және «Демидовский зауыты» ЖАҚ, сондай-ақ «ПоварЛюкс» ЖШС және «Кукморский Металопосуда зауыты» ААҚ өндірушілері қолдады және және тергеу барысында алынған ақпарат ҚХР-дан тауардың демпингтік импорты және оның ЕАЭО экономика саласына келтірген материалдық залалы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді.
Шешім ресми жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.