Қытайда әлемдегі алғашқы туристік құрам іске қосылды. Бұл жоғары деңгейдегі жайлылық ескерілген «панда-пойыз».
Елдің оңтүстік-батысында Қытайдағы алғашқы туристік «панда-пойыз» іске қосылды. Бұл туралы People’s Daily басылымы хабарлады.
Пойыз туристер арасында ең танымал бағыттар болып табылатын Сычуань, Гуйчжоу және Чунцин провинциялары арасында жүреді.
Панда бейнеленген пойыз дөңгелектегі қонақ үй секілді көрінеді. Онда душ кабиналары бар жатын вагондар, отырып баратын вагондар, мейрамхана және бірнеше ойын аймақтары мен демалыс аймақтары бар.
Пойызда караоке, би алаңы, душ кабиналары және тақырыптық мейрамхана бар.
Бұл Қытайдағы үлкен панда тақырыбына арналған алғашқы туристік пойыз. Ұйымдастырушылардың пікірінше, ол тіпті ең талғампаз саяхатшылардың көңілінен шығуы тиіс. Пойыз дөңгелекпен жүретін жоғары дәрежелі қонақ үй десе де болады.
24 наурызда панда-пойыз Чэнду қаласынан Эмэй қаласына аттанды, оған жүзден астам журналист шақырылды. Бұл пойыздың құрамында 12 вагон, 252 жатын орын, оның ішінде сегіз купе вагоны, бір мейрамхана, көпфункционалды ойын-сауық вагоны және персоналдың демалуына арналған вагон бар.
Қолда бар бар ақпаратқа сәйкес, қазіргі таңда пойыз билетін бөлек сатып алуға болмайды. Оған отыру үшін интернеттен туристік қызметтің пакетіне тапсырыс беру қажет, оған осы пойыздың билеті кіреді. Баға туристік қызмет түрлеріне және олардың не таңдағанына байланысты.