Қытайда караокеде қандай ән айтылып жатқанын қадағаланатын болады

ҚХР қараокеде айтуға болмайтын, тыйым салынатын әндердің тізімі жасалатынын мәлімдеді.

The Guardian басылымы хабарлағандай, бұл туралы елдің Мәдениет және туризм министрлігі мәлімдеді.

Тізімге елдің ұлттық бірлігіне, егемендігіне және аумақтық тұтастығына нұқсан келтіретін, сондай-ақ мемлекеттің діни саясатын бұзатын немесе заңсыз қызметті көтермелейтін әндер кіреді.

Министрлік атап өткендей, музыкалық композициялардың көптігіне байланысты оның мазмұны үшін мекеме иелері емес, жеткізушілер жауапты болады. Билік «жаман мағынасы жоқ және жігерлендіретін» әндерді тізімге қоспайтынын мәлімдеді.

Тиісті заң жобасы 1 қазаннан бастап күшіне енеді.

Добавить комментарий