Қытайда майнерлер фермада қолданып келген бейнекарталардың бағасы күрт төмендеді.
Хабарланғандай, ҚХР билігі майнингті реттеуді күшейту шаралары аясында Nvidia және Asus бейнекарталарының бағасы бірнеше есе арзандады.
South China Morning Post хабарлауынша, Asus-3060 флагманының қазіргі бағасы 4699 юань ($730), бұ мамырда тіркелген ең қымбат баға, 13 499 юаньнан салыстырғанда ($2100) үш есе арзан.
Қазір қатты танымал емес Nvidia Quadro бейнекартасының бағасы 2429 юань ($380). Мамыр айының басында ол 3000 юань ($470) сатылған.
Естеріңізге сала кетейік, маусым айында ҚХР-ның бірнеше аймағында, оның ішінде Ішкі Моңғолия, Цинхай, Юньнань және Сычуань провинцияларында биткоинға қарсы күрес басталған.. Сычуань провинциясының билігі майнерлерді 20 маусымға дейін өндіруді тоқтатуды міндеттеді.
Чанцзи префектурасында (Шыңжаң провинциясы) орналасқан Шаньдун экономикалық және технологиялық даму паркінің биткоин-майнерлері де жергілікті билік өкілдерінен қызметін дереу тоқтату туралы бұйрық алды.