Қытай мен Қырғызстан шекарасында магнитудаcы 5,6 балдық жер сілкінісі болды.
ТЖМ «СТӘЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 27 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 05:58-де жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан.
«Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 12.1. Магнитудасы — 5.6. Тереңдігі — 10 шақырым. Сезілетіндігі туралы мәліметтер жоқ», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, 27 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 03 42-де тағы бір жер сілкінісі тіркелді.
Бұл жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 279 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.
Магнитудасы — 5.9. Алматыда 2 балдық болып сезілді.