Қытай: маймыл вирусынан алғашқы науқас көз жұмды

Қытайда маймыл вирусын жұқтырған алғашқы пациент қайтыс болды. Хабарланғандай, марқұм — екі өлі приматтың денесін сойған 53 жастағы ветеринар-дәрігер.

Көктемде бейжіңдік дәрігер ғылыми зерттеу мақсатта өлі маймылдардың денесін сойған. 30 күннен кейін ветеринарда құсу, қалтырау сынды ауру белгілері пайда болды. 27 мамырда ер қайтыс қайтыс болды, делінген хабарламада.

Зерттеу нәтижесі марқұмның B (BV) маймыл вирусын жұқтырғанын растады. Онымен байланысқан адамдардың вирусты жұқтырғаны анықтамады. Бұған дейін Қытайда осындай жағдай болмаған.

Бұдан бөлек, 1932 жылы анықталған вирустың өте қауіпті екені белгілі. Оның өлім деңгейі өте жоғары.

Добавить комментарий