Майкл Славор, Канададан келген қытайлық кәсіпкер Қытай Халық Республикасының аумағында тыңшылық жасағаны үшін жазаланды
Қытай соты канадалық кәсіпкер Майкл Спавор тыңшылық жасағаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы «Интерфакс» хабарлады.
Шешімді Қытайдың Ляонин провинциясы Даньдун қаласының орта сатыдағы халық соты шығарды. Канадалық азамат тыңшылық жасағаны үшін және басқа елдерге мемлекеттік құпияны заңсыз бергені үшін кінәлі деп танылды.
Ол темір тордың артына тоғытылып қана қоймай, 50 мың юань (шамамен $7 мың) көлемінде айыппұл төлеуі керек. Қытай билігі канадалықты депортациялайды, бірақ қашан екені белгісіз.