Қытай хакерлерге қатысты айыптарды жоққа шығарды

ҚХР СІМ АҚШ-тың Қытай арнайы қызметтерінің кибершабуылдарға қатысы бар деп таққан айыптарына негіз жоқ деп мәлімдеді.

Хабарланғандай, Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Чжао Лицзяньчто киберкеңістіктегі оқиғаларды тексеру және сәйкестендіру кезінде жеткілікті дәлелдер болуы қажет екенін атап өтті.

Бұл туралы ол сейсенбі күні өткен тұрақты брифингте АҚШ-тың Қытай арнайы қызметтері кибершабуылдарды жүзеге асыру үшін хакерлерді қолдауда айыптауларын негізсіз деп атады.

“АҚШ киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөнінде Қытайға негізсіз айып тағып отыр. Тағылған айыптар ештеңеге негізделмеген», — деді ол. «Бұл таза саяси жала және қысым көрсету әрекеті. Қытай кибершабуылдардың кез келген түріне қарсы», — деді дипломат, «киберкеңістіктегі оқиғаларды тексеру және сәйкестендіру үшін жеткілікті дәлелдемелердің болуы маңызды» деп атап өтті.

«Кез келген үкіметке кибершабуылдарға қатысы бар деп айыптамас бұрын алды-артына қарау керек. АҚШ жариялаған технологиялық егжей-тегжейлер дәлелдеме бола алмайды», — деп хабарлады дипломат.

«Шын мәнінде әлем бойынша ең көп кибершабуыл АҚШ-та жасалады», — деп мәлімдеді ол. «АҚШ өз жауларын ғана емес, одақтастарын да электронды бақылауда ұстайды. АҚШ пен олардың еуропалық одақтастары Данияның барлау қызметімен елдер басшылығын электронды түрде бақылау үшін әріптестік орнатты. Олар бұл туралы сөз қозғауды жөн көрмедйі, алайда ослыай деп Қытайға айып тағуда», — деді ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.

Дипломат кибершабуылдар — бүкіл адамзат алдында тұрған ортақ сын-қатер екенін атап өтті. «Қытай кезекті рет АҚШ пен оның одақтастарын Қытайға қарсы тыңшылық пен киберкеңістіктегі шабуылдарды тоқтатуға шақырады. Қытай өзінің киберкеңістігін және ұлттық мүддесін қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды жалғастырады», — деп қорытындылады.

19 шілде күні АҚШ үкіметі «ҚХР Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігіне қатысы бар қаскүнемдер» Microsoft корпорациясының Exchange Server бағдарламалық қамтамасыз етуіндегі осал жерлер арқылы кибершабуыл жасады деп айыптады. Сонымен қатар, Вашингтон НАТО-дағы одақтастарымен және басқа да кейбір шетелдік серіктестерімен бірге Пекин киберкеңістікте «зұлымдық әрекет» жүргізіп жатыр деген пікір білдіріп, оған қарсы шара қолданатынын ескертті.

Добавить комментарий