Қытайлық ғалым COVID-19-дың зертханада шықты деген пікірді негізсіз деп мәлімдеді.
Ухан вирусология институтының жетекші маманы Ши Чжэнли коронавирустың зертханадан шықты деген нұсқаны жоққа шығарды.
The New York Times агенттігінің хабарлауынша, ол COVID-19-ды қытайлық зертханадан шықты деген мәлімдемені негізсіз деп мәлімдеді. Вирусолог сондай-ақ пандемия басталмай тұрып, Ухандағы институт қызметкерлері ауыр індетке шалдыққаны туралы хабарламаларды жалған деп атады.
Оның айтуынша, ол қандай да бір дәлел келтіре алмайды.
Әлемде бейкүнә ғалымдардың атына кір келтіретін жағдайға қалай жеткенімізді білмеймін, — деді ол.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың шығу тегі туралы барлық нұсқаны, оның ішінде зертханадан шығып кетуін қарастырады. Коронавирустың шығу тегі туралы тергеудің бастапқы кезеңінде Қытайда «ашықтық пен ынтымақтастықтың» жеткілікті деңгейі көрсетілмеді.
21 мамырда АҚШ SARS-CoV-2 коронавирустың бірінші өршуі Қытайдағы зертханадан тарап кеткені салдарынан болғанына байланысты «маңызды жанама дәлелдер» бар деп мәлімдеген.