Ыстықкөлде абай болыңыз! Ыстықкөлде туристерге қалай қарайды

Ыстықкөлде катамаранның иесі шетелдік туристерді соққыға жықты. Үндістандық туристтер «Көгілдір Ыстықкөл» шипажайында демалуға келген, олар жағажайда 500 сом төлеп, екі сағатқа катамаран алғанын айтты. Ақшаны алдын ала төлеген.

Олар катамаранды 1 сағат 54 минуттан кейін қайтарған. Бірақ жалға беруші жеңіл ақша таппақ болып, демалушылардың екі емес, үш сағат жүрдіндер деген.

«Алайда ер адам бізге үш сағат жүрдіңдер деп, сол үшін ақша төлеңдер деді, бірақ мен бір тиын да бермедім. Сол себепті ол менің күйеуімнің бүйрегінен ұрып, аяғынан тепкіледі. Мен күйеуімді қорғамақ болғанымда ер адам бетімнен бір ұрды. Сондай-ақ, ол отбасымызды құмға көміп тастаймыз деп қоқан-лоқы көрсетті, бізбен біоге екі кішкентай баламыз болды», — деді келіншек.

Жәбірленушілер милицияға арыз жазды. Құқық қорғау органдары істі сотқа жолдағанын айтты.

«Алайда оған ештеңе болмайды, ары кетсе әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін», — деді оқырман.

Ыстықкөл облыстық ІІБ баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.

Добавить комментарий