Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Жаңаарқа ауданы Ынтымақ ауылындағы Байтоқ қыстағында тұрғын емес үйдің өртенгенін хабарлады.
Ғимарат 14 тамыз күні өртеніп кеткен, құтқарушыларға сағат 06:23-те өрт туралы ақпарат келіп түсті.
Қызыл жалын жалпы көлемі 161 шаршы метрді шарпыды, өртті сөндіруге ТЖД күштері мен құралдарынан 6 адам және 2 бірлік техника жұмылдырылды, өрт сағат 07:50-де сөндірілді.
Оқиға орнынан 1990 жылы туған азаматшаның мәйіті табылды.
Өрттің шығу себебі анықталуды.