Қысқы солярка өндірісі 1 қазаннан басталады

«Қазмұнайгаз» компаниясы зауыттар 1 қазаннан бастап қысқы дизель отынының өндірісіне кірісетінін айтты.

Еліміздің оңтүстік өңірлері үшін дизель отыны Шымкент МӨЗ-де өндіріледі.

«Дәстүрлі түрде 1 қазанға дейін Қазақстанның барлық МӨЗ «жазғы» класы бойынша дизель отынын шығарады», — деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» компаниясы Алматыдағы қоғамдық көліктердің қысқы дизель отынының болмауына байланысты автобустардың шыға алмағаны туралы ақпаратқа жауап ретінде.

Компания мұнай өнімдері өндірістен кейін мұнай өнімдерінің меншік иелеріне өтіп, олардың өкімі бойынша еліміздің әр өңіріндегі мұнай базаларына жөнелтілетінін атап өтті.

«Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне жеткізілетін дизель отынының негізгі көлемі Шымкент МӨЗ-де (ПҚОП) өндіріледі. 1 қазаннан бастап ПҚОП маусымаралық ДТ өндірісіне көшу бойынша іс-шараларға кірісті», — деп хабарлады ҚМГ.

Фото: «Қазмұнайгаз» Қазақстандағы қысқы дизель отынының тапшылығының себебін түсіндірді

Қазақстандық МӨЗ дизель отынын өндіру кестесін өзгертуді жоспарлап отыр ма, жоқ па хабарламады.

Естеріңізге сала кетейік! Кеше, 6 қазанда Алматыда қысқы дизель отынының болмауына байланысты, қоғамдық көліктің жұмысы тоқтап қалды.

Добавить комментарий