Қырым тұрғыны террористерге жәрдемдескені үшін 18 жылға түрмеге қамалды

Қырым тұрғыны «Хайят Тахрир аш-Шам» (РФ мен ҚР-да тыйым салынған) террористік ұйымын қаржыландырды деген айыппен 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады.

Алдын ала тергеу барысында анықталып, сот отырысында расталғандай, айыпталушы террористік ұйымға 600 мың рубльден астам қаражат жинауға көмектескен, сондай-ақ террористерге қосылу үшін Сирияға аттанбақ болған. Бұл туралы Оңтүстік округтік әскери сотының баспасөз қызметі хабарлады.

«М.А. Давыдов кінәлі деп танылды, оған 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеп, алғашқы екі жылын түрмеде өткізетін болады», — деді сот өкілі.

Сот анықтағандай, ер адам 2016 жылдан бастап «Хайят Тахрир аш-Шам» (РФ мен ҚР-да тыйым салынған) террористік ұйымының мүшесімен байланыста болған. 2018 жылы ол қылмыстық қоғамдастықтың мақсатын білмеген Ресей азаматтарына тіркелген сим-карталарды сатып алды. Артынан Давыдов лаңкестік ұйымның мүшесіне интернет-әмиян ашуға көмектеседі. Ер адамның өтініші бойынша Ресей мен ТМД елдерінің азаматтары оларға 569 453 рубль аударған, қаражат террористерге берілді.

Сонымен қатар, Давыдов террористік ұйымның мүшесіне өз қалтасынан 86 650 рубль көлемінде қаражат аударды. 2019 жылдың қыркүйегінде Давыдов ұйымға қосылу үшін Сирияға аттанбақ болады, алайда оны Краснодар әуежайында құқық қорғау органдарының қызметкерлері қолға түсірді.

Добавить комментарий