Қырым: Оқ-дәрі қоймасындары жарылыстар тоқтады

Жанқой ауданының басшысы Инна Федоренко оқ-дәрілер қоймасындағы жарылыстар тоқтағанын хабарлады. Еске салайық! Жарылыстың себебі диверсия деп аталған болатын.

Ол Жанқой ауданындағы жағдай тұрақты екенін атап өтіп, жақын арада зардаптарды жою бойынша штабтың кеңесі өтетінін, одан кейін келтірілген залал бағаланатынын айтты.

Жарылыстан жеке тұрғын үйлер зақымданып, біразы өртеніп кетті. Сондай-ақ, электр беру желілері, электр станциясы, темір жол учаскесі бүлінді.

Ресей Қорғаныс министрлігі өрт пен оқ-дәрі жарылысын диверсия деп атады.

Жанқой ауданындағы Май ауылдық елді мекені маңындағы әскери бөлімдердің бірінде болған оқ-дәрілерді сақтауға арналған алаңдағы снарядтардың жарылысы 16 тамыз күні таңертең басталды.

Добавить комментарий