Қырғызстаннан ҚР-ға iPhone-ның ір партиясын жасырып әкелу әрекетінің жолы кесілді

Қырғызстаннан Қазақстанға iPhone-ның ірі партиясын жасырын әкелмек болған. Ұсталған партияда 2 мыңнан астам гаджет болды, оның жалпы құны 1 млрд теңгені құрады.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кіріс комитеті Жамбыл облысының «Аухатты» автомобиль өткізу пунктінде 2 134 бірлік iPhone смартфоны, 124 бірлік iPad планшеті, 451 бірлік Apple Watch смарт-сағаты және басқа да тауарға ілеспе құжаттары жоқ танымал брендтердің электронды құрылғылары табылғанын хабарлады.

Алдын ала жүктің жалпы құны шамамен 1 млрд теңгеден асады.

«Аталған факт Жамбыл облысы Шекара қызметі департаментінің АЕК-те тіркеліп, процессуалдық шешім қабылдау үшін экономикалық тергеу департаментіне берілді», — делінген хабарламада.

Добавить комментарий