Қазақстан-Қырғызстан шекарасында тағы бір өткізу пункті ашылады.
1 сәуірден бастап Қырғызстан-Қазақстан шекарасындағы «Қарқыра-автожол» бақылау-өткізу пункті жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды ҚР ҰҚМК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.
Ведомствода атап өткендей, Ыстықкөл облысы Түп ауданындағы өткізу пункті сағат 08:00-18:00 аралығында жұмыс істейді. Оны азаматтар, автомобильдер, жүктер, тауарлар мен жануарлар өте алады.
Шекара қызметі Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Қырғызстан Республикасы мен басқа да мемлекеттердің азаматтары осы елге кірер алдында енгізілген шектеулермен танысып шығуы тиіс екенін еске салады.
«Қарқыра-автожол» бақылау-өткізу пункті электронды визалар арқылы өткізбейді.
Бұған дейін «Қарқыра-автожол» бекеті жазғы туристік маусым кезінде ғана жұмыс істеп, күздің ортасында жабылатын. 2020 жылғы қыркүйектен бастап ол жыл бойы жұмыс режиміне көшті, алайда қараша айында ауа райы мен төтенше жағдайларды болдырмау мақсатындағы шараның нәтижесінде жабылды.