
Қырғызстандық бітімгерлерді Қазақстанда орын алған 2022 жылғы қаңтардағы тәртіпсіздіктері кезінде ҰҚШҰ-ның миссиясына қатысқаны үшін бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Қырғызстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, шараға елдің қорғаныс министрі генерал-лейтенант Бақтыбек Бекболотов, ҚР Президенті Әкімшілігінің Ахуалдық орталығының директоры Әділет Жанұзақов, 52806 ә/б әскери қызметшілері қатысты.
Бақтыбек Бекболотов ҰҚШҰ бітімгерлік күштеріне қойылған міндеттерді орындау кезінде әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығы мен әскери тәртібінің жоғары деңгейін атап өтті.
Мемлекет басшысының атынан Қырғызстан Республикасы ҚК бітімгерлік контингентінің жеке құрамы бағалы сыйлықтармен марапатталды.
2022 жылғы қаңтар айында қырғызстандық әскери қызметшілердің бітімгерлік күштері Алматы қаласындағы ЖЭО-2-ні күзетті.