Қаракөлде салынған жол жарты жыл ішінде бұзылды, деп хабарлады қырғызстандық БАҚ.
Жалпы шығын 1,8 млн сом болды, ол Қырғызстан бюджетінен бөлінген .
Қырғызстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі Ыстықкөл облысының Даму қоры дирекциясының лауазымды тұлғалары мен «Д» ОсОО (мердігер) атқарылған жұмыстардың көлемін арттырып, жолды сапасыз салды деген күдікке ілінгенін хабарлады.
Бұл жарты жылдан аз уақыт ішінде жолдың бұзылуына әкеп соқтырды деп айтылып жатыр.
Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.