Қырғызстанда тауарлардың транзиттік ағынына бақылау күшейтіледі

Қырғызстан билігі ел аумағы арқылы транзитпен тасымалданатын тауарларды бақылауды күшейтінін мәлімдеді.

Бұл ЕАЭО елдерінен үшінші мемлекеттерге тасымалданатын тауарларға да қатысты

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров «Қырғызстан Республикасының аумағына контрабандаға және тауарларды есепке алынбаған әкелуге қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Мемлекет басшысының сайтында бұның мақсаты — ұлттық экономиканың мүдделерін қорғауға, контрабандамен күресуге және Қырғыз Республикасының аумағына тауарларды есепке алынбаған әкелуге бағытталған шараларды күшейту»

Жарлықта Қырғызстанның министрлер кабинеті үшінші елдермен және Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттермен сауда аясында әкелінетін тауарлардың толыққанды есепке қоюға қамтамасыз етуі тиіс делінген. Сондай-ақ, Қырғызстан аумағына контрабандалық немесе есепке алынбай әкелінген жүктер мен контрабанда үшін пайдаланылған көлік құралдары тәркіленетін болады.

.Жарлықта сондай-ақ Қырғызстан үкіметі тауарларды әкелу бойынша Қырғыз Республикасы заңнамасының нормаларын бұзған импорттаушылардың/тасымалдаушылардың көлік құралдары үшін мамандандырылған тұрақ орындарын енгізуі тиіс делінген. Тағы бір тармақ Қырғызстан арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан үшінші елдерге тасымалданатын жүктердің транзиттік ағынына күшейтілген бақылауды енгізуді қарастырады.

Добавить комментарий