Қырғызстан: Жасөспірім таксистке 14 рет пышақ сұққан

Қырғызстанда 14 пышақ рет пышақ жарақатын алған такси жүргізушісі ауруханаға түсті. Оған жасөспірім шабуыл жасағаны хабарланды.

Милиция қызметкерлері күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Шу облыстық ІІБ баспасөз қызметі.

Ол кәмелетке толмаған бала екені анықталды, бірақ нақты жасы әлі көрсетілмеген. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жас жігіт «Тунгуч» шағын ауданында таксиге отырып, Новопавловкаға жеткізуді сұраған. Машина межелі жерге жақындағанда ол пышақ шығарып, жүргізушіге шабуыл жасады. Қаскүнем көліктің кілтін алмақ болғанда, таксист қарсылық көрсеткен. Сосын шабуылшы оқиға орнынан қашып кетті.

Добавить комментарий