Қырғызстан қылмыс деңгейі ең жоғары елдер тізіміне енді

Қырғызстан қылмыс деңгейі ең жоғары елдердің қатарына қосылды.

World Population Review жүргізген зерттеуі бойынша, Қырғызстан 136 есепке алынған елдің ішінде қылмысы жоғары елдер тізімінде 31-ші орында тұр. Қырғызстандағы қылмыс индексі 2023 жылы 56,87-ға бағаланады.

Зерттеуге сәйкес, қылмыс деңгейі неғұрлым жоғары елдердің бестігі мынадай: Венесуэла (83,76), Папуа-Жаңа Гвинея (80,79), Оңтүстік Африка (76,86), Ауғанстан (76,31) және Гондурас (74,54). Ал Швейцария, Дания, Норвегия, Жапония және Жаңа Зеландия қылмыс деңгейі ең төмен елдер тізімінде көп бастап тұр.

Добавить комментарий