Қырғызстан Президентінің екі қабатты үйі аукционда сатылады

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров тұрғын үйге мұқтаж отбасыларға көмек көрсету үшін үйін ипотекалық компанияға бергені белгілі болды.

Үй аукционға қойылады, ал сатылғаннан кейін түскен ақша ипотекалық несиелеу бағдарламасы бойынша он отбасыға пәтер сатып алуға жұмсалады.

Жапаровтың айтуынша, ол 2005 жылы үйді сатып алған. Кейінірек, 2010 жылдары оның отбасы басқа жерге көшіп кеткен, содан бері үйі мектепке дейінгі балалар мекемесі ретінде қолданылған.

Қырғызстан Президенті бақуатты қырғызстандықтарды өзінен үлгі алып, баспанаға шынымен мұқтаж адамдарға көмектесуге шақырды.

 

Добавить комментарий