Қырғызстан Президенті төрт министрді қызметінен босатты


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/10/speech-39770-1664882730-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров төрт министрлік басшысын қызметінен шығару туралы шешім қабылдады. Тағы екі министр өз еркімен отставкаға кетті

Энергетика министрі Доскул Бекмурзаев өз қызметінен айырылды. Бұған дейін ол тергеу кезеңінде қызметінен уақытша шеттетілген болатын. Доскул Бекмурзаевқа қатысты екі іс қозғалды. Бір іс тиісті саланың маманы болмаған қызметкерлерді шетелдік іссапарларға бюджет есебінен жіберуге қатысты. Екінші іс «Тёплые ключи» сауықтыру кешеніндегі жөндеу жұмыстарына байланысты тергелуде.

Тағы бір министр — Білім және ғылым министрлігінің басшысы Алмазбек Бейшеналиевке қатысты іс тергелуде. Ол шетелдік студенттерден 110 мың доллар бопсалады деген күдікке ілінді.

Сонымен қатар, Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Азамат Жаманкулов, сондай-ақ көлік және коммуникация министрі Эркинбек Осоев өз еркімен жұмыстан кетті.

Жұмыстан босатылған шенеуніктердің орнына м.а. тағайындалды. Қырғызстанның энергетика министрінің міндетін атқарушы болып Таалайбек Ибраев тағайындалды, Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы Уланбек Мамбетакунов тағайындалды, Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрінің орнын уақытша III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қоюшы-режиссері Алтынбек Максутов, ал Көлік министрлігінің басшысы қызметін Тилек Текебаев иеленді

Добавить комментарий