Қырғызстан Президенті парламент сайлауының нәтижесі бұрмаланғанын жоққа шығарды.
Садыр Жапаров сайлау нәтижесі бұрмаланғаны расталса, отставкаға кететінін мәлімдеді.
Оның айтуынша, жергілікті және халықаралық бақылаушылар Қырғызстанда өткен парламенттік сайлауға жоғары баға берді.
«Заңбұзушылық орын алған жағдайда, бүкіл әлем Қырғызстанда дауыс ұрланғанын жар салатын еді. Бізде учаскелік сайлау комиссиясының 31 мың мүшесі бар. Олардің түнімен бюллетеньді ұстап ары-бері шапқылағанын елестетіңізші. Егер ОСК және ҚАК мүшелері билік тарапынан қысым жасалғанын және дауыс ұрланғанын мәлімдесе, онда мен дереу отставкаға кетемін», — деп нақтылады Садыр Жапаров.
ҚР президенті атап өткендей, ең бастысы дауыс беру кезінде бюллетеньдердің дұрыс толтырылуы керек.
Мемлекет басшысы жеңіліске ұшыраған партия қоғамда алауыздық тудыру үшін сылтау іздейтінін айтты.
«Қазір техникалық мәселелер мен сервердің қалай жұмыс істейтінін түсінбейтіндер шу шығарып жатыр. Жеңіліске ұшырағандар сайлау нәтижесі бұрмаланғанын жақсы біледі, бірақ оларға сылтау керек. Қазір технологияның заманы. Дауыс ұрлап алу мүмкін емес. 1990-2000 жылдары осындай жағдай болған. Сол кезде бюллетеньдерді қолмен санаған. Сол уақытта сайлау нәтижесін бұрмалауға болатын. Мамандар кездейсоқ қателік жібергенін мойындап отыр. Қазір ҰҚМК тексеру жүргізіп жатыр. Кінәлілер жауапқа тартылады», — деп қорытындылады Садыр Жапаров.