Қырғызстан ҰҚМК террористтерді ұстады

Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Қырғызстан ІІМ-мен бірлесіп Жалал-Абад қаласында ТМД елдері бірінің М. А. және Р. Ж. деген азаматтарын ұстады. Олар аса ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеген қамау орындарынан қашып кеткеннен кейін Қырғызстан аумағында жасырынған деп хабарланды.

Ұсталғандар Қырғыз Республикасының аумағында террористік актілер жасау мақсатында заңсыз келіп, одан ары жалған құжаттарды пайдалана отырып Сириядағы қарулы қақтығыс аймағына баруды жоспарлағаны анықталды.

Сотқа дейінгі іс жүргізу материалдары аясында ұсталғандар Жалал-Абад ҚІІБ УҰИ-ға қамалды.

Қазіргі уақытта қылмыскерлерге жәрдем көрсеткен басқа адамдардың қатыстылығын анықтау жөніндегі жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Добавить комментарий