Қырғызстан мен Өзбекстан қос ел арасындағы ынтымақтастықты айқындайтын маңызды құжаттарға қол қойды.
Уағдаластыққа қол жеткізілдіп, жан-жақты стратегиялық әріптестік туралы декларацияға қол қойылды.
Сондай-ақ тараптар «Қырғыз Республикасында автомобиль және коммерциялық техника өндірісін ұйымдастыру жөніндегі ынтымақтастық туралы» үкіметаралық келісімге қол қойды
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің Қырғызстан астанасына сапары барысында ел президенті Садыр Жапаровпен келіссөздер жүргізді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша екі ел президенттері 25 құжатқа қол қойды, оның ішінде шекараның ортақ учаскесін делимитациялау рәсімінің аяқталғаны туралы, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.
Сондай-ақ, тараптар «Қырғыз Республикасында автомобиль және коммерциялық техника өндірісін ұйымдастыру жөніндегі ынтымақтастық туралы» үкіметаралық келісімге қол қойды. Құжатта Қырғызстан аумағында жеңіл және жүк автокөліктерін шығаратын зауыттың бірлескен құрылысы қарастырылған. Алдын ала мәліметтер бойынша, кәсіпорында жыл сайын шамамен 3 мың автомобиль шығарылатын болады.
Сонымен қатар, 2023-2025 жылдарға арналған стратегиялық сауда-экономикалық әріптестіктің үкіметаралық бағдарламасына және Өзбекстан Энергетика министрлігі мен Қырғызстанның Энергетика министрлігі арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Естеріңізге сала кетейік! Өзбекстан Президенті Бішкекке 26 қаңтарда екі күндік мемлекеттік сапармен барды.