Қырғызстан мен Тәжікстан арадағы жанжалды реттеу үшін жедел топ құрады

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы шиеленісті жағдайды реттеу үшін бірлескен топ құру туралы келісті. Бұл туралы жұма күні Қырғызстанның сыртқы саясат ведомствосы хабарлады.

«Тараптар белгіленген шараларды іске асыру және екі дос халық пен мемлекеттің мүддесінде сай жемісті келіссөздер жүргізу үшін тиісті тұрақты жағдай тудыру мақсатында екі елдің құқық қорғау органдары мен атқарушы билік қызметкерлерінің қатарынан ортақ жұмыс тобын құру туралы уағдаласты», — делінген хабарламада.

Қырғызстан СІМ мәліметінше, мұндай шешім екі мемлекеттің жұмыс топтарының кездесуі барысында қабылданды.

«Қызыл-Бел — Гүлистон» шекаралық бекетінде өткен келіссөздерде Қырғызстан делегациясын үкіметтің Баткен облысындағы өкілетті өкілі Өмірбек Суваналиев, тәжік делегациясын — Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Саймумин Ятимов басқарды.

«Сондай-ақ Қырғызстанның Баткен облысы мен Тәжікстанның Соғды облысының шекаралас учаскелеріндегі жағдайды тұрақтандыру жөніндегі келіссөздер процесін жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді», — деп атап өтті СІМ.

Добавить комментарий