Қырғызстан: Білім және ғылым министрі пара алды деген күдікке ілінді

Қырғызстанның Білім және ғылым министрі ақша бопсалауға қатысы бар-жоғын анықтауға бағытталған іс-шаралар аясында ұсталды.

Ол шетелдік студенттерден 110 мың доллар бопсалады деген күдікке ілініп отыр.

Қырғызстанның Білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев шетелдік студенттерден пара алды деген күдікке ілінді.

«Қазіргі уақытта шетелдік студенттердің ұлттық жоғары оқу орындарына түсуі кезінде аса ірі көлемде (110 000 доллар) пара алу фактісі тексерілуде. Қылмыстық істі тергеу нәтижелері туралы толық ақпарат кейінірек беріледі», — делінген Қырғызстан ІІМ хабарламасында.

41 жастағы Алмазбек Бейшеналиев — педагогика ғылымдарының кандидаты, тарих ғылымдарының докторы. Қырғызстанның Білім және ғылым министрі лауазымына 2020 жылы тағайындалды.

Добавить комментарий