Қырғызстан арқылы Қытайдан ЕО-ға темір жол өтеді

Самарқандта Қытайдан Еуроодақ елдеріне жүк жөнелтетін темір жол құрылысына қатысты келісімге қол қойылды.

Бүгін, 2022 жылғы 15 қыркүйекте Самарқандта Қырғызстан аумағындағы учаскеде «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» темір жолын салу жобасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Келісімге Қырғызстанның көлік және коммуникация министрі Еркінбек Осоев, Өзбекстанның көлік министрі Илхом Махкамов және бейнеконференция форматында қатысқан ҚХР даму және реформа жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Хэ Лифэн қол қойды.

Құжатта Қырғыз Республикасының аумағындағы учаске бойынша «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» темір жолын салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі (ТЭН) бойынша «Торугарт — Арпа — Макмал — Жалал-Абад» бағытының құрамдастырылған нұсқасы бойынша бірлесіп жәрдемдесу қарастырылған. Техникалық-экономикалық негіздеме бойынша барлық жұмыстарды аяқтау мерзімі (бағалау жүргізу уақытын қоса алғанда) — 2023 жылғы 1 маусымнан кешіктірмеу керек. Тараптар ТЭН шығыстарын қаржыландыруға үш жақты келісім арқылы тең үлестермен бөлуге ниетті.

«Жаңа теміржол торабы Еуразияның құрлықтық көпірінің оңтүстік тармағына айналып, Оңтүстік-Шығыс, Батыс Азия және Таяу Шығыс елдерінің нарықтарына жол ашады. Бұл бағыт Қытайдан Қырғызстанға, сондай-ақ Орталық Азия және Таяу Шығыс елдеріне, соның ішінде Түркияға және одан әрі Еуроодаққа жүктерді жеткізуді қамтамасыз ете алады.

Добавить комментарий