YouTube Украина Мәдениет министрлігінің өтініші бойынша «Вагнер» ЖӘК-ге қатысы бар видеоны өшіреді

YouTube Украина Мәдениет министрлігінің өтініші бойынша «Вагнер» ЖӘК-ге қатысы бар видеоны және оны жариялаған каналдарды өшіру туралы шешім қабылдады.

Украинаның Мәдениет және ақпараттық саясат министрі Александр Ткаченко осы мәселені шешкен әріптестеріне алғыс айтты. Сондай-ақ, ол барлық қолданушыларды «вагнершілермен» байланысты видеолардың сілтемесін Мәдениет министрлігінің поштасына жіберуге шақырды, оны YouTube әкімшілігі өшіретін болады.

Бұған дейін Ткаченко «Вагнер» ЖӘК видеохостингін бұғаттауды сұрап, бұл ресейлік әскери құрылымдардың танымалдығын арттырып, Украина аумағындағы соғысқа жалдамалыларды жұмылдыруға ықпал ететінін айтқан.

Добавить комментарий