Қылмыскер 23 жыл бойы Ресейде жасырынып келген

Аяусыз кісі өлтіргеннен кейін Ресейде 23 жыл бойы жасырынып жүрген көкшетаулық ер адамды ресейлік полицейлер ұстады

Оқиға 1997 жылы орын алған. Сол кезде 30 маусым күні сағат 21.00-де Көкшетаудағы көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінде ер адам екі әйелге пышақ жарақатын салған, олардың бірі оқиға орнында қайтыс болды. Екінші жәбірленуші сол жылдың 7 шілдесінде облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Сол кезде күдікті құқық қорғау органдарынан жасырынып, оның орналасқан жері белгісіз болып қала берді.

«Аса ауыр қылмыс жасағанын ескере отырып, тәртіп сақшылары күдіктгеі халықаралық іздеу салынып, көрші мемлекеттердегі әріптестеріне сипаттамасы жіберілген.

23 жыл бойы жедел іздестіру жұмыстары өз жемісін берді: 2020 жылдың 12 желтоқсанында Ресей ІІМ «Каргопольский» және РФ Қорған облысы бойынша «Каргопольский» ІІМБ қызметкерлері бұрын жіберілген іздестіру тапсырмасын орындау шеңберінде Журавлево ауылында осы уақытқа дейін аты-жөнін өзгертіп, жасырынған қылмыстық қылмыскер ұсталды. Ер адам отбасылы болып, екі баланы тәрбиелеп отырғаны белгілі болды», — деп хабарлады ведомство.

ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігінде «Кісі өлтіру» (ескі редакцияда — ҚазКСР ҚК 88-б. 1-б. З.т) бойынша көзделген қылмыс жасағаны үшін 50 жастағы қылмыскер Ресей Федерациясының Курган облысы бойынша «Каргопольский» ІІМБ-нің УҰИ-ге қамалды. Полицейлер оны экстрадициялау мәселесін шешуде.

Добавить комментарий