Құқық қорғау органдары өткен жылдың жазында Талғар ауданының әкімі болып тағайындалған Серікжан Төленешевтің ұсталғаны туралы ақпаратты растады.
Бұған дейін әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Серікжан Төрешевті пара алғаны үшін ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Ол уақытта құзырлы органдар ақпаратты растаған да, теріс шығарған жоқ болатын, шенеунік жұмысқа да шықпады.Сауалға жауап ретінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкімнің ұсталғанын растады.
Әлеуметтік желілерде Талғар ауданының әкімі ТКШ бөлімінің бастығы орынбасарымен бірге ұсталғаны хабарланған болатын. Шенеуніктер орындалған жұмыс актілеріне қол қойғаны үшін мердігерлік ұйым директорынан 10 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген.
Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Талғар ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. Талғар ауданының әкіміне қатысты тергеу соты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады. Сотқа дейінгі тергеудің өзге де деректері ҚІЖК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес жарияланбайды, — делінген Антикордың қысқаша жауабында.
Серікжан Ерекешов Талғар ауданы әкімі болып өткен жылдың тамыз айында бұрынғы әкім қайтыс болған соң тағайындалған.