Украина президенті Владимир Зеленский Польша мемлекетінің басшысын Жоғарғы Радада сөз сөйлеуге шақырды.
Қос елдің президенттері телефон арқылы сөйлесу барысында оны сөз сөйлеуге шақырды.
Зеленский Дуданы Польша Конституциясы күнімен құттықтап, Мариупольдегі жағдай туралы айтты.
Бұл туралы Украина Президенті кеңсесінің баспасөз қызметі хабарлады.
Президенттер сондай-ақ Украинаға әскери көмек көрсету және Ресейге қарсы санкция салу мәселесін талқылады.
«Ресей Польшаға және бүкіл Еуропаға қарсы энергетикалық соғыс бастады. ЕО мемлекеттері РФ-ға энергетикалық тәуелділіктен құтылуы керек», — деп мәлімдеді Зеленский.
Сондай-ақ Украина президенті Дуданы Жоғарғы Радада сөз сөйлеуге шақырды.