Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан ЕО Украинаны мүшелікке қабылдауға дайын емес екенін кезекті рет мәлімдеді. HIRTV телеарнасына берген сұхбатында ол Брюссельдегі ЕО көшбасшыларының соңғы кездесуінде әріптестеріне «тек Украина ғана емес, ЕО-ның өзі де бұған дайын емес екенін» түсіндіргісі келгенін атап өтті. Дегенмен, одаққа қосу туралы келіссөздерді бастау туралы шешім қабылданды.
Мажарстан үкіметі Украинаға көмек көрсетуді жақтайды, бірақ Еуроодаққа мүшеліктің орнына бюджеттен тыс көздерді пайдаланып, Украинамен стратегиялық ынтымақтастық орнатуды жөн көреді.