Венгрия трояндық ат деп аталды

Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Триттердегі парақшасында Венгрияны Еуроодақты құрдымға жібергісі келетін трояндық ат деп санайтынын мәлімдеді.

Ол Венгрия премьер-министрі Украинаны жек көретінін және Еуропада «орыс әлемі» орнауын армандайтынын атап өтті.

Киев Венгрияны ЕО-ны құрдымға жібергісі келетін «трояндық ат» деп атады.

«Орбан Ресейден санкцияларды алып тастау үшін күресетінін айтып отыр. Әр затты өз атауымен атайық. Венгрия — еуропалық салық төлеушілердің қаражаты есебінен ЕО-ны құрдымға жіберуге ұмтылып отырған «трояндық ат», — деп жазды Подоляк Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанның РФ-дан санкцияларды алып тастау туралы мәлімдемесіне түсінік бере отырып.

«ЕО осы диверсияларды қаржыландырған дұрыс па?», — деп қосты Президент Кеңсесі басшысының кеңесшісі.

Добавить комментарий