Венгрия АҚШ-пен қарым-қатынасын жақсартуға үмітті

Венгрия СІМ басшысы Сийярто ел үшін Трамптың қайта сайлануы тиімді деп санайды.

Ол Трамптың билігі тұсында қос ел арасында «тарихтағы ең жақсы саяси қарым-қатынас» орнағанын айтты.

Ол бұл туралы Fox News-ке берген сұхбатында айтты.

Оның айтуынша, АҚШ-тағы демократиялық және республикалық әкімшіліктер жанындағы екіжақты қарым-қатынастарды салыстыратын болсақ, айырмашылық анық білінеді. «Президент Трамптың билігі тұсында қос ел арасында саяси қарым-қатынастар өте жақсы болған. Біз президент Трампты өте құрметтейміз», — деп мәлімдеді Сийярто.

Венгрия Трамптың Ақ үйге қайта оралуын қалайды ма деген сұраққа Венгрия СІМ басшысы егер Құрама Штаттардың бұрынғы президенті 2024 жылы сайлауға түсіп, жеңіске жетсе, қос ел арасындағы «өте жақсы» қарым-қатынастың қайта жанданатынына «сенімді» екенін атап өтті.

Бұған дейін Трамп жақына арада 2024 жылы өтетін АҚШ президенттігіне сайлауға түсіп-түспейтініне нақты шешім қабылдайтынын айтқан болатын. Егер ол қатысатын болса, көпшіліктің көңілінен шығатынын атап өтті.

 

Добавить комментарий