Венесуэла: 19 шенеунік тұтқындалды

Венесуэлада жемқорлыққа қарсы тергеу аясында бірнеше судья мен шенеунік ұсталды

Венесуэла тәртіп сақшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы операция барысында 19 адамды ұстады.

Ұлттық ассамблея төрағасы Хорхе Родригес ақпаратты растап, жақын арада бұл ұсталған адамдар саны артуы мүмкін екенін айтты.

Ұсталғандардың арасында судьялар мен лауазымды тұлғалар бар. Хорхе Родригес «кім жемқорлық жасаса — ол түрмеге отырады» деп мәлімдеді. Венесуэланың үкіметтік Correo del Orinoco газеті сейсенбі күні кешкісін ұсталулар туралы хабарлады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу амалдары жалғасуда.

 

Добавить комментарий