Венадағы терактіні тексеру жөніндегі тәуелсіз комиссия тергеудің алғашқы нәтижелерін Рождествоға дейін қалың жұртшылыққа ұсынады.
Тәуелсіз комиссия католиктік Рождество басталғанға дейін Венадағы терактіге қатысты тергеудің алғашқы нәтижелерімен бөлісетінін хабарлады.
Бұл туралы комиссия басшысы, қылмыстық құқық профессоры Ингеборг Цербестің жұма күні таратқан мәлімдемесінде айтылған.
Комиссия 26 қараша күні жұмысқа кірісті. Уәкілетті органдар оның жұмысы үшін сұратылған алғашқы құжаттарды тапсырды. «Комиссия ауқымды жұмыс негізінде тапсырыс берушілерге Рождествоға дейінгі бірінші аралық есепті ұсына алатынына сенімді», — делінген профессордың мәлімдемесінде.
Венадағы атысты 20 жасар Куйтим Фейзулай Австрия мен Солтүстік Македонияның қос азаматтығы бар шығарған. 2019 жылдың сәуірінде ол Сирияға кетіп, «Ислам мемлекеті» (ИМ, ҚР-да тыйым салынған) террористік ұйымының қатарына қосылмақ болғаны үшін 22 айға бас бостандығынан айырылды, алайда 2019 жылдың желтоқсанында дерадикализация бағдарламасына қатысу шартымен шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.
Австрияның Конституцияны қорғау және терроризмге қарсы күрес жөніндегі федералдық ведомствосына экстремистің 2020 жылдың жазында Словакиядан оқ-дәрі сатып алуға тырысқаны белгілі болды. Бірақ арнайы қызмет бұл туралы әділет министрлігіне хабарлаған жоқ, ол осы ақпараттың негізінде қылмыскерді қайта қамауға алуға тиіс еді.
Сондай-ақ, экстремист жазда неміс қарсы барлау қызметінің бақылауында болған Германиялық күдікті адамдармен кездесулер өткізген. Мұндай жағдайлардың сериясын анықтау экстремистің қатерін дұрыс бағаламағандықтан Вена федералдық қарсы барлау басқармасының бастығы қызметінен шеттетілді. Австрия билігі осыған байланысты оқиғаның барлық жағдайын зерттеу үшін тәуелсіз комиссия құрды.