Вашингтон Украинаға көмек көрсетуді жалғастырады: жаңа пакет дайындалуда

АҚШ Украинаға әскери көмек көрсетуді жалғастырады. Бұл туралы ашық ақпарат көздерінде хабарланды.

Болжам бойынша, Ақ үй жұма күні немесе келесі аптада 800 млн доллар болатын әскери көмектің жаңа пакетін жариялайды

Президент Джо Байден әкімшілігі Украинаға 800 млн доллар көлемінде қосымша әскери көмек дайындауда. Ақ үй бұл туралы жұма күні жариялауы мүмкін, деп хабарлады бейсенбі күні Reuters агенттігіне үш дерек көз.

Президент Украинаға көмек көрсету үшін, мемлекет басшысы ретінде Пентагон қорынан артық қару-жарақты беруді санкциялауға мүмкіндік беретін шығыстарды қысқарту жөніндегі өкілеттігін пайдалануы мүмкін, деп хабарлады «Рейтер» агенттігі.

Әскери көмектің жаңа пакеті келесі аптада жариялануы мүмкін және ол ресми жарияланғанға дейін жалпы сомасы өзгеруі мүмкін екені ескертілді.

Ақ үйде түсініктеме беруден бас тартты.

Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен телефон арқылы сөйлесу барысында қауіпсіздік саласында көмек көрсету мәселесін көтерді. Мемлекеттік департаменттің хабарлауынша, тараптар «АҚШ тарапынан Украинаның қорғаныс саласындағы қажеттіліктеріне қолдауын», сондай-ақ 23 тамызда Киевте өтетін Қырым платформасының екінші саммитін өткізу жоспарын талқылады.

«Мемлекеттік хатшы Сыртқы істер министрі Кулебаға АҚШ-тың әскери көмегі жеткізілетінін хабардар етті және Ресейдің Украинаның Запорожье атом электр станциясындағы және оның төңіргіндегі әрекеттерін айыптады», — делінген мәлімдемеде.

Добавить комментарий